Жасанды интеллект технологиялары

Білім саласы:
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындық бағыты:
6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы:
В057 Ақпараттық технологиялар

 

БББ мақсаты:

Жасанды интеллект саласында терең білімі мен дағдылары бар, әртүрлі қызмет салаларында ЖИ әзірлеу, қолдану және басқару міндеттерін сәтті шеше алатын жоғары білікті кадрларды даярлау.

  • ОН1: Экономика, кәсіпкерлік, құқық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму принциптері туралы білімін кәсіби қызметте қолданады.
  • ОН2: Математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде, деректерді статистикалық талдауда, математикалық модельдерді құруда, математикалық әдістер мен алгоритмдерді таңдауда білімін қолданады.
  • ОН3: Кәсіби қызметте инновациялық әдістерді пайдаланып, ғылыми зерттеулер жүргізеді, баяндамалар мен ғылыми жарияланымдар дайындайды.
  • ОН4: Құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалау технологияларын қолдана отырып, оңтайлы қолданбалы бағдарламалар жасайды.
  • ОН5: Заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, талдау жүйелерінде шешім қабылдауды, жоспарлауды және болжауды жүзеге асырады.
  • ОН6: Жеке тұлғаны тану процесінде биометриялық сипаттамаларды қолдана отырып, дәлдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
  • ОН7: Желілік технологияларды, қауіпсіздік және деректерді қорғау әдістерін қолдана отырып, ақпараттық қызметтерді басқарады.
  • ОН8: Мультимедиялық және бұлттық қосымшаларды әзірлеуде компьютерлік технологияны пайдаланады.
  • ОН9: Жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, деректерді талдау және шешім қабылдау үшін бағдарламалық жасақтама әзірлейді.
  • ОН10: Мехатронды және робототехникалық жүйелерді жобалайды және әзірлейді.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

  • Жобалық-конструкторлық қызмет: машиналық оқыту алгоритмдерін құру және жүйелерді жобалау.
  • Өндірістік-технологиялық қызмет: визуалды бақылау және ақауларды болжау жүйелерін енгізу.
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: жасанды интеллект стратегиясын әзірлеу және тәуекелдерді басқару.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі: жаңа алгоритмдерді зерттеу және жетілдіру.
  • Эксплуатациялық қызмет: ЖИ жүйелерін конфигурациялау және бейімдеу.

Машиналық оқыту, жасанды интеллект жүйелері, деректерді талдау жүйелері.

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз